Құрметті жерлестер!
25 қазанда еліміз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді! Бұл күннің біздің егемен мемлекетіміздің қалыптасу тарихында маңызы зор және оған «ұлттық» мереке мәртебесін беру – ел дамуының жаңа кезеңі жолындағы елеулі қадам. Өздеріңіз білетіндей, бұл күн 2001 жылдан 2009 жылға дейін мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді.
Еске салар болсам, дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қа-былданды. Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, бөлінбейтіні мен қолсұғылмаушылығы, Қазақстан халқының мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағи-даттары бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында атап өткендей, «бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды».
Егемендік туралы декларация қабылданған күннен бастап еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда тың серпіліс жасады. Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің біріне айналды. Біз сөзбен емес, іс жүзінде сыртқы саясаттағы «көпвектор-лық» дегеннің не екенін көрсетіп, бір шаңырақ астындағы көпұлтты қо-ғамның ауызбіршілігі мен ынтымақ-тастығының үлгісін таныттық.
Шығыс Қазақстан өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да, әлеуметтік және өзге де көптеген салада еліміз бойынша көш бастап келеді. Бұны өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де айғақтап отыр.
Әрбір азамат «әділ мемлекет» пен «гүлденген қоғамды» құру ісіндегі жауапкершілікті түсінген жағдайда бізді бұдан да үлкен жетістіктердің күтіп тұрғанына сенімдімін. Менің ойымша, бұл айтулы мереке еліміздің әр азаматы өз мемлекетінің, өз Отанының тағдырына немқұрайлы қарамайтынын тағы бір мәрте паш етеді!
Баршаңызды шын жүректен Рес-публика күнімен құттықтаймын! Өлке-мізге бейбітшілік пен өркендеу, әр үйге амандық пен құт-береке, әр тұрғынға мықты денсаулық, мол табыс тілеймін қымбатты жерлестер!
Даниал АХМЕТОВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі