Қоғам

Күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр

Құтқарушылар тарапынан жасалып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан, Шығыс Қазақстанда суға кеткендердің саны күн санап артуда. Соңғы ақпарат бойынша, 1 маусымнан, яғни суға шомылу маусымы басталғалы бері өңірде алты адам судан ажал құшқан, оның біреуі – бала. Соған байланысты облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілермен бірлесіп өзен-көлдер жағасына 600-ден астам рейд жүргізген. Алайда бұл жұмыс та әзірге бәлендей нәтиже бермей тұр.

Халық ескертулерге құлақ аспай отыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Ағажаевтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың түгелдей дерлігі жабдықталмаған жағажайларда болған.

– Бүгінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рейдтерге шығудамыз. Осындай рейдтердің нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 364 бабы (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 10, сондай-ақ 440 бабы (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде бару) бойынша үш заңбұзушылық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды, – дейді Д.Ағажаев.

Дегенмен, демалушыларды мұндай қатал талаптар мен елеулі мөлшердегі айыппұлдар да тоқтата алмауда. Әлбетте, бұған соңғы күндері облысымыздағы ауа температурасының +30, кей жерлерде +35 градусқа дейін жетуі де өз септігін тигізуде. Аптап ыстықтан бас сауғалаған халық жақын жердегі өзен-көлдерден пана іздеуде. Адамдар үлкен-кішісіне қарамай, су айдындарына лап қойған. Қазір мұндай көріністі облысымыздағы кез келген су қоймасынан көруге болады.

Мамандар Шығыс Қазақстанда (Абай аймағын қосқанда) облыс әкімінің қаулысымен жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 16 учаске белгіленгенін тағы бір мәрте еске салуда. Ал шомылуға тыйым салынған жерлер саны бұдан анағұрлым көп. Дәл қазір Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында демалуға рұқсат етілмеген 116 жағажай бар екен.

– Бүгінде «ШҚО суларындағы құтқару қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жаппай шомылу орындары акваторияларының түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізуді жалғастырудамыз. Осы күнге дейін демалыс базаларының басшыларынан 53 өтінім келіп түсті. Демалыс орындарының иелерімен жағажайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде 39 меморандум жасалды, – дейді Дәурен Ағажаев.

Техникадан түсіп, атқа мінді

Мамандар бүгінде облыс орталығы Өскемен қаласында шомылуға арналған екі ресми орын бар екенін айтуда. Қазіргі уақытта олардың екеуі де демалушыларды қабылдауға дайын. Ал жалпы облыс көлеміндегі мұндай жағажайлардың саны алтау екен. Қазір құтқарушылар осы учаскелердің иелеріне алдын ала ұсыныстар жолдап, демалыс орнын келушілерді қабылдауға сақадай сай етуге уақыт берді.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қоғамдық құтқарушыларды оқыту мәселесін де назардан тыс қалдырмауда. Бүгінге дейін мұндай курстардан 68 адам өтіп үлгеріпті. Статистика бойынша, жыл сайын жеті мыңға жуық адам демалып қайтатын Самар ауданында биылғы шомылу маусымы кезінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру-құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылғанын да айтқан жөн. Тіпті, құтқарушылар жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында техникадан түсіп, атқа мініпті. Қазір мұндай жасақтар облыстың бірқатар ауданында жұмыс атқаруда.

– Мұндай тәсілді өткен жылдан бері қолданып келеміз. Кей жағдайларда адамдар демалыс орны ретінде көлікпен жету қиынға соғатын жерлерді таңдайды. Мұндайда бізге жылқы жануары таптырмайтын көмекші. Осылайша, қайғылы жағдайлардың алдын алудың жаңа тәсілін енгізудеміз. Жылқы дегеніміз ыстыққа төзімді жануар ғой. Дегенмен, біз ат-көліктеріміздің күтіміне де ерекше көңіл бөлудеміз, – деп атап өтті Ұлан ауданы ТЖБ бастығы Әділ Бидахметов.

Ал Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко мүлтіксіз сақталуы тиіс негізгі ережелерді тағы бір мәрте еске салуда. Оның айтуынша, су жағасына демалуға барған адамдар бірнеше қарапайым ережені қаперде ұстауы керек. Атап айтсақ:

* ішімдік ішіп, есірткі пайдаланған адамдарға суға түсуге қатаң тыйым салынады;

* қайықтардан, кемелер аялдайтын айлақтар мен бұл мақсаттарға арналмаған өзге де нысандардан суға секіруге болмайды;

* суының түбі тексерілмеген және шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

* жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылардан асып жүзуге, сондай-ақ техникалық және ескерту белгілеріне шығуға болмайды;

* жүзуге арналмаған заттардың көмегімен жүзуге тыйым салынады;

* суды ластауға, сондай-ақ жағалауларда және киім ауыстыратын бөлмелерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыс қалдыруға болмайды;

* жалған дабыл қағып, айқайлауға тыйым салынады;

* балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Оқырман назарына Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы шомылуға рұқсат берілген орындардың тізімін ұсынып отырмыз. 

1

 

Орналасқан жері Демалыс орны

 

 

Жақын маңдағы елді мекен

 

Өскемен
1

1.

 

Меновное көлі

 

 

Сол жағалау кешенінің жағажайы

Өскемен қаласы
2.

2.

Ертіс өзені  

«Самал» жағажайы

Алтай ауданы
3

 

3.

Бұқтырма су қоймасы  

Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай

Прибрежный кенті, Жаңа Бұқтырма кенті

 

Бородулиха ауданы
4

 

 

4.

Шүлбі су қоймасы Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Жернов ауылдық округі
Катонқарағай ауданы
5

 

 

5.

Бұқтырма су қоймасы Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Ново-Хайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылы
6

 

 

6.

Бұқтырма су қоймасы Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Үлкен Нарын ауылдық округі, Свинчатка ауылы
Көкпекті ауданы
7

 

 

7.

Бұқтырма су қоймасы Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Сарыбел ауылдық округі,

Құлынжон ауылы

 

Ұлан ауданы
8

 

 

8.

Бұқтырма су қоймасы Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы
9

 

 

 

9.

 

 

Төменгі Тайынты

су қоймасы

Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Тарғын ауылдық округі, Төменгі Тайынты ауылы, Асубұлақ кенті

 

10

 

10.

 

Шыбынды-көл көлі

Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы

 

11

 

11.

Сібе көлдері (Садыркөл көлі) Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
12

 

12.

Сібе көлдері (Төртқара көлі) Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
13

 

13.

Сібе көлдері (Шалқар көлі) Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
14

 

14.

Сібе көлдері (Қоржын-көл көлі) Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы
15

 

15.

Дубығалы көлі (Окуньки) Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Таврия ауылдық округі, Гагарин ауылы
Үржар ауданы
16

 

16.

Алакөл көлі Жүзудің шекараларын белгілейтін қалтқылары бар тұрғындардың жаппай демалуына арналған жағажай Қабанбай ауылдық округі

Бетті әзірлеген – Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button