Қоғам
Күршімнің су бұрқағы жұмысқа кірісті

Бірер апта бұрын паром жұмысын бастады, деп сүйіншілеп едік. Енді міне Абай атындағы алаңда тұрған су бұрқақ та іске қосылды. Бұл туралы аудан жұртшылығы әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Былтыр ашылған алаң аудан тұрғындарының сүйікті орынына айналған.
- Күршімнің жағымды жақсы жаңалықтарын да көрсетіп тұрған дұрыс қой. Керемет көрініс. Өте қуаныштымын, – дейді тұрғын Еркежан Садвакас.
Айта кетейік, су бұрқақтың ені – 10 метр, ұзындығы – 20 метр. Түрлі-түсті биші фонтандар 15-20 метрге дейін көтеріледі.
Балауса Мэлсқызы