ТОП

Күршімнің көпірі. Жергілікті халыққа жұмыс табыла ма?

Осыдан біраз уақыт бұрын «Бұқтырма су қоймасы» арқылы көпір құрылысы басталды» деп сүйіншілеп тастадық. Қазір сол көпірдің құрылысы қалай жүріп жатыр? Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Жұмыс сапарымен Құйған ауылдық округіне барып, «Бұқтырма су қоймасы» арқылы салынатын көпір құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көріп қайттым. техникалық жол салынуда. Аталған жұмыстарға қажетті арнайы техникалар базасы ұйымдастырылып, көпір құрылысына атсалысатын жұмысшылар үшін 250 орындық жатақхана қалашығы салынбақ, делінген жазбада.

Әйтеуір құрылыс жұмыстары басталды. Ендігі сауал, ауылдағы ағайынға жұмыс табыла ма? Жұмыссыз жүрген тұрғындардың көкейіндегі сұраққа әкім мырза былай дейді:

– Қазақстандағы ең ұзын көпір болып есептелетін бұл нысанның құрылысына жергілікті жұмыс күші де көптеп тартылады. Қазақ тағылымында көпір салу қасиетті іс екенін ескерсек, осы жобаның игілігін көретін күн де алыс емес деп білемін, – дейді әкім.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button