ҚоғамТОП

Күнбағыс майының бағасы өседі

Жуық арада күнбағыс майының бағасы қымбаттайды. Бұл туралы қостанайлық май өңдеушілер айтып берді. Себебеі неде?

Қымбатшылық зардабын қарапайым халық көретіні айдан анық. Онсыз да баға шарықтап тұр.
Ресми дерекке сүйенсек, күнбағыс майының 1 литрін өндіру үшін зауыттарға шамамен 2,5 келі тұқым қажет. Бұл көлемді алу үшін өткен жылы зауыттар 300 теңге жұмсаса, биыл баға 700 теңгеге өскен. Зауыттың дайын майының бір литрі былтыр 350 теңгеден сатылса, биыл 550 теңгеге саудаланып жатыр. Дүкендерде оның құны өткен жылы 500 теңгеге, ал биыл 800 теңгеге өзгерген және мамандар алдағы уақытта да баға көтерілуі мүмкін деп отыр.
Шаруалардың сөзінше, үш жыл бойы Қостанай облысында күнбағыс өнімі нашар жиналған, соның салдарынан шикізат жетіспейді. Федоров ауданында үш ірі мұнай зауытының біреуі бір жыл бойы тоқтап тұрса, қалғандарының да жағдайы мәз емес.
Олар барлығына тұқымды шетел асырып жатқан ірі саудагерлерді кінәлайды. Осыған байланысты май зауыттары да сатып алу бағасын өсіруге мәжбүр, ал бұл тиісінше өнім құнының қымбаттауына алып келеді. Көпшілігі бұл өндірістен жай ғана бас тартуда.
– Оларға қазір май өндіру тиімсіз және олар алты ай бұрын сатып алған шикізатты бүгінде жоғары бағамен сатуда. Қайта өндірушіге майды өндіруден гөрі сатып жіберген тиімдірек, – дейді май өңдеу зауытының директоры Владимир Заверуха.
Май өндірушілер жағдайды әлі де жақсартуға болатынына сенімді. Ол үшін өндірушілерге субсидияны қайтару қажет. Қосымша ақы алу үшін фермерлер шикізатты жергілікті май зауыттарына тапсыру арқылы ірі саудагерлерді айналып өте алады. Нәтижесінде қарапайым сатып алушыларға баға төмендейді.

 

Осы айдарда

Back to top button