Экономика

Кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретеді

Риддер қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мұрындық болуымен кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.

Кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретеді– Орталықтың негізгі қызметі – жұмысын жаңадан бастаған және тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлерге кешенді көмек көрсету. Кәсіпкерлер енді қажетті ақпараттарды облыс орталығына бармай-ақ осы жерден ала алады, – деді салтанатты жиынға қатысқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Мұнда сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы және екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу бойынша, бизнес өкілдерінің қызметін жеңілдетуге, іскерлік сауатын көтеруге, бизнес жоба жасауға кеңестер беріліп, арнайы сабақ жүргізіледі.

Қыдырбек Әміре

Риддер.

Осы айдарда

Back to top button