Қоғам

Көшкіннен сақ болыңыз!

Көшкіннен сақ болыңыз!


Ауа райының құбылмалы болуы облыстың таулы аймақтарында көшкін жүру ықтималдығын күшейтіп отыр. Қазір өңірде көшкін жиналатын 446 тоспа бар болса, соның мамандар қатаң бақылауға алған 336-сы адамдардың өмірі мен нысандарға қауіп төндіруде.

Төтенше жағдайлар қызметі мен «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері хабарлағандай, Өскемен – Таулы Үлбі – Северное бағытындағы тас жолдың 31-37 шақырымындағы демалыс базасы орналасқан аумақ, сондай-ақ, Самар – Өскемен жолының 101-109 шақырымы, Өскемен – Зырян жолының 58-65 шақырымы аса қауіпті саналады. Әсіресе, Осинов асуынан асқаннан кейінгі тас жолдың бойында 68 көшкін жинайтын тосқауыл қойылған.

– Қауіпті учаскелер біздің мамандардың қатаң бақылауында. Дегенмен, құбылмалы ауа райы, яғни, қардың қалың жаууы, желдің соғуы, сол секілді күннің күрт жылынуы да таудағы қардың суланып, ауырлай түсуіне, сөйтіп, көшкіннің жүруіне әсер етеді, – дейді «Қазселденқорғау» ММ филиалы басшысының орынбасары Есімхан Батыбаев.

Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындарын таулы аймақтарда жүргенде, демалыс базаларында болғанда аса сақ болуды ескертеді.

Қуан Сейіт

Осы айдарда

Back to top button