Қоғам

Күршімде спорт кешені бар

Күршімде спорт кешені бар

Аудан орталығында спорт кешені ашылды. Бұрынғы Күршім совхозының машина-трактор жөндеу шеберханасы болған еңселі ғимарат күрделі жөндеуден кейін заманауи спорт нысанына айналып шыға келді.
Қуанышты шараға аудан әкімі ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі С.Шоқаев спорт саласы үшін осы ғимаратты тегін берген бұрынғы иесі, 2013 жылғы «Үздік меценат» атағының иегері Б.Қадылов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, қазақ күресінен спорт шебері, ардагер спортшы, ұстаз Н.Қисамбин, спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт ардагері, волейболдан облыстың 13 дүркін чемпионы Н.Бобылева, Сочиде өткен паралимпиаданың қола жүлдегері А.Құнапин, 26 кг салмақ дәрежесінде облыстың чемпионы болған жас боксшы Е.Қайратұлы құттықтау тілектерін айтты.
«Үздік меценат» Балғазы Қадыловты аудан әкімі алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты шараның соңы мәдениет бөлімінің әртістері ұсынған тамаша концертке ұласты.

Хасен Зәкәрия
Күршім ауданы

Осы айдарда

Back to top button