Қоғам

Күршім өңірінде колхоз басқарған алғашқы әйел

Күршім өңірінде колхоз басқарған алғашқы әйел


Ұлы Отан соғысы кезінде еңбекші халық майданға көмектесудің жолдарын іздеп, жеңіске тез жетуді ойлағаны белгілі. Барша халықпен қатар Қазақстан әйелдері де жеңіс жолында бар күшімен еңбек етті. Азаматтар майданға аттанғанда, тылдағы өмірдің бар ауыртпалығы әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Солардың бірі және бірегейі – менің тұңғыш ұстазым – Зияда Сақабаева.

Ол кісі – соғыс кезіндегі қиын-қыстау заманда колхоз жұмысына басшылық жасаған әйелдердің бірі. Сөзіміз дәлелді болу үшін, архив деректерін қаз-қалпында ұсынайық.

«Зияда Нурсеиткызы родилась в крестьянской семье в селе Каражыра Жаналыкского сельского совета Самарского района Восточно-Казахстанской области. Окончила семилетнюю школу в селе Актубек. В то время образованных женщин в аулах было мало. Зияда, закончив двухмесячные курсы учителей в Семее, преподавала в школах сел Койтас, Куйган. В селе Топтерек ее назначают заведующей школы. Молодая девушка активно работала в комсомольской организации, а в 1940 году вступила в ряды КПСС (копия протокола №9ВКО ГУ фонд 133-п, список-2, дело 406).

В годы Великой Отечественной войны женщины и дети заменили ушедших на войну мужчин. Имевшую авторитет среди сельчан Зияду в 1942-1943 годах назначили председателем колхоза «Топтерек» (ВКО ГУ фонд-133-п. Список-6. Дело: 390). Это было время, когда не хватало рабочих рук. С трудом заготавливали корма, чтобы сохранить поголовье скота. Ограничиваться тем что есть, поднимать сельское хозяйство с помощью подростков и женщин, мобилизовать рабочие силы, организовывать помощь фронту молодой девушке было непросто. Молодой председатель, применяя все свои знания и энергию, старалась с честью выполнять порученную ей работу. За трудовые заслуги в тылу в годы Великой Отечественной войны Зияда Нурсеиткызы награждена медалью «За доблестный труд».

Супруг Зиады, Сакыбаев Нургалым, учительствовал до войны в родном ауле. Потерявший здоровье, но живой, вернулся с фронта. Тяжелые испытания в суровые годы сказались на здоровье молодой женщины – она потеряла шестерых детей в младенчестве. Так война оставила неизлечимые раны в сердце Зияды Нурсейтовны. В послевоенный период восстановления сельского хозяйства Зияда Нурсеитовна работала учетчиком в колхозе «Топтерек».
Решением от 31 марта 1950 года заседания бюро партийного комитета Курчумского района принято постановление о назначении председателем колхоза «Бестерек» Батпактыбулакского сельского совета и отправлено для утверждения в областной партийный комитет (ВКО ГУ фонд -133-п, список-6, дело 390, страница-7).

Зияда Нурсеитова не осталась в стороне от патриотического воспитания молодого поколения. На школьных встречах рассказывала о трудностях войны и о доблестном труде в тылу, желала молодежи мирного неба. Дочери-Нургалымова Гаухар-медицинский работник, Нургалымова Шекер – библиоте- карь.
В глазах детей и односельчан Зияда Нурсеитова была человеком железной дисциплины, верным своей идее, трудившимся не жалея сил на благо общества. Ее современники односельчане вспоминают: «Зияда много читала, была политически грамотна. Была на коне в полном смысле этого слова – с красным беретом на голове, с волосами, заплетенными в две косы, все время скакала на лошади, выделенной Фондом Обороны».

Архив құжаттары көрсеткендей, сұрапыл соғыс жылдары колхозға басшылық еткенде Зияда Сақабаева бар-жоғы 26 жаста екен…

Зияда апай 1947 жылы Теректібұлақ ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі міндетін атқарып, балаларды оқытты. Мен сол жылы он жасымда бірінші сыныпқа қабылдандым. Оған дейін оқудың мүмкіндігі болмады. Анам бесіктен белім шықпай дүние салыпты. Әкем майданда қаза болды. Мен Бағжан апамның қолында өстім…

Осы жылдары ауылға Зияда апай келіп, колхоздан көмек ұйымдастырылып, жетім балалар түгелдей оқуға тартылдық. Апай Шірікаяқтағы рудник басшыларымен байланыс жасап, жетім балаларды оқу құралдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз еткізіп тұрды. Ол кезде қайдан білейік, бұл оңай шаруа емес екенін есейіп ержеткенде ғана білдік.

Апай – ауыл өміріне де белсене араласып, қыруар шаруа тындырған адам. Сол кісінің тікелей араласуымен ауылда «Қызыл отау» ашылды. Сөйтіп, ауыл тұрғындары кітап оқи бастады. Осы отаудың негізінде апайдың өзі аптасына бір рет ауыл тұрғындарымен әртүрлі рухани тақырыпта әңгіме өткізіп тұрды. Кейде мұндай әңгіменің соңынан ауыл жастары мен оқушы балалардың қатысуымен дайындалған концерт берілетін.

Апай Теректібұлақ ауылына мұғалімдікке келгенге дейін Топтерек колхозына бастық болады. Бірқатар елді мекендерде мұғалімдік қызмет атқарады. Бұл кезде Теректібұлақ ауылында балаларды оқыту ісінде көңіл құлазытатын «әттегенайлар» орын алған. Осы жайларды қалпына келтіріп, түйінді мәселелердің оң шешімін табу үшін, Зияда апайды аудандық билік арнайы жібергенін кейін білдік.

Мен үшінші сыныпта оқып жүргенде, Зияда апайды Теректібұлақтан алып кетті. Біздің ауылға іргелес Бестерек колхозы болды. Сол колхоздың шаруасы кері кетіп, мемлекет тапсырмасын орындаудан қалыпты. Әдетте мұндайда партия іскер адамдарға сенім жүктейтін. Міне, осы әдіспен Зияда апайды 1950 жылы наурыз айында аталмыш колхозға аупартком бюросының шешімімен бастық қылып жібереді. Шешім дұрыс қабылданыпты, айналасы үш-төрт айда колхоз шаруашылығы аяғынан тұрып, сол жылы мемлекет тапсырмасын артығымен орындайды. Колхозшылар тірлігінің бойына қан жүгіріп, әл-ауқаты жақсарды. Береке-бірлігі нығайып, алға басады.

Осыдан он жыл бұрын Күршім ауданының 80 жылдығы қарсаңында Теректібұлақ ауылындағы клубта «Батпақбұлақ өңіріндегі колхоз жүйесінде еңбек еткен әйгілі адамдар» атты кеш өтіп, соңынан концерт болды. Сол кешке қатысқан марқұм Қапас Әміренов ақсақал: «Кезінде Батпақбұлақ ауылсоветіне қарасты Бестерек колхозына бастық болғандардың ішінде Зияда Сақабаевадан басқа іскер адам болған емес» деген еді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы болса керек.

Иә, Зияда Сақабаева жайында айтатын әңгіме көп. Соның бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Демек алдағы уақытта ол кісі жайында кітап жазылуы ықтимал. Оқырман қауым, келешек ұрпақ сол кітап арқылы ол кісінің өмір жолымен толығырақ танысып, үлгі-өнеге тұтары сөзсіз.

Біз қазақ қыздарының қатарынан шыққан тұңғыш дәрігер, тұңғыш ұшқыш, тұңғыш механизатор, тұңғыш шопан, т.б. салада тұңғыш атанған қазақ қыздарының есімін ерекше бір патриоттық сезіммен атап, мақтан тұтамыз. Күршім ауданында колхозға тұңғыш басшы болған қазақ қызы Зияда Сақабаева да солардың қатарында екендігі даусыз.

Советхан Қалиғожин,
Күршім ауданының Құрметті азаматы

Осы айдарда

Back to top button