Көрсеткіштерге көңіл толады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауынның жарияланғанына жарты жыл өтті. Біз енді бұл бағытта атқарылған жұмысқа батыл талдау жүргізіп, Президент айтқан міндеттерді іске асыру кезінде жетістіктер туралы қорытынды жасай аламыз. Мен статистикалық тұрғыдан кейбір басым бағыттарға тоқтала кетуді жөн көрдім.
Өнеркәсіп өндірісі дамуының жоғары деңгейінде озық орын алатын өңдеу өнеркәсібі Шығыс Қазақстан экономикасының ерекшелігі болып табылады. Бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстық өндіріс өнеркәсібі көлемінің 79,5% құрады. Өндірістің республикалық көлемде өңдеу өнеркәсібінің өнімі біздің облыс үлесінің 14% құрады, бұл еліміз бойынша Қарағанды облысынан кейін екінші орын. Өткен жарты жылда өңдеу өнеркәсібімен 690 млрд. теңгеден асатын өнім өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінде металлургия өнеркәсібі жетекші орын алады. Бүгінгі таңда оның облыстық өнеркәсіп өндірісіне салған салымының көлемі 57,6% құрады. Металлургиялық өнім өндіруде біздің облысрРеспубликалық көлемнің 22,1% құрайды, бұл Қазақстан өңірлері арасында екінші орынға сай. Облыс металлургтері өндірістің республикалық өндіріс көлемінің өңделген мырыш пен тазартылған өңделмеген қорғасынның 99,9%, 29,6% асыл (бағалы) металдар, 23,2% тазартылған өңделмеген мыс шығарды. Біздің кәсіпорындарымызды жаңғырту мен цифрландыруға бағытталған жаңа инновациалық технологияларды енгізбей ондай тамаша нәтижелерге жету мүмкін емес. Бүгінгі таңда біздің облыста 368 өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының 59-ы жаңа жетілдірілген өндіріс пен технологияларды енгізді. Нарық тауарлары үшін мүлде жаңа болып табылатын инновациалық өнімдер 25154,0 млн. теңгеге өткізілді.
Жолдауда айтылғандай, кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне бағытталған ресурстық әлеуеттің дамуына ерекше назар бөлу керек. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда электр энергиясын өндіретін 16 кәсіпорынның ішінде жеті кәсіпорын жаңғыртылатын энергия көздерімен (ЖЭК) электр энергиясын оның ішінде жел және күн электр станцияларымен өндіреді, әрине, өндірістің негізгі үлесін су электр станциясы құрайды. ЖЭК өндірілген электр энергияның үлесі облыста өндірілген электр энергияның жалпы көлемінің 75%-дан астамын құрайды.
Маңыздылығы басқалардан кем емес міндет еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өңделген өнімнің экспортын ұлғайту болып табылады. Қазірдің өзінде біздің облыс 17 млн. АҚШ доллары көлемінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорттайды. Экспортталатын өнімнің негізгі үлесін астық (барлық сұрыптағы бидай) құрайды. Облыста майлы дақылдарды өсіріп-өндіру кең таралған, оның ішінде негізгісі күнбағыс болып табылады. Республикада біздің облыс егілген егіс алқабы және күнбағыстың майлы дақылдарын өндіру көлемі бойынша басты орын алады. Еліміздің өндірілетін барлық күнбағыс көлемінің 60%-ға жуығы біздің облыста өндіріледі.
Президент ауылшаруашылық кооперативтеріне басты көңіл аударуда және ауылшаруашылық субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керектігін атап өтті. Облыста жыл басынан бері 362 кооператив жұмыс істейді, олар 28 кәсіпорынды, 313 шаруа қожалығын, 4115 үй шаруашылығын біріктірді. Кооперативтің жартысына жуығы мал шаруашылығын дамыту үшін құрылды. Сүт өндіруде мал шаруашылығының негізгі саласы болып табылады, оның үлесі мал шаруашылығы өнімінің 44% құрады.
Тағы бір міндет – бұл көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Облыс көліктерімен (теміржолдан басқа) жылына 600 млн. тонна жүк тасымалданады. Құрылысқа және коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу міндеті қойылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2017 жылы 380 мың шаршы метрді құрады. Осы жылдың басынан бері пайдалануға жалпы көлемі 173 331 шаршы метр тұрғын үй берілді. Пайдалануға 479 жеке үй, 17 көп пәтерлі үй, бір жатақхана берілді.
Біздің облыста инвестициялық қызметтің дамуы үшін бұрынғыдай жағымды жағдай сақталуда. Облыстың экономикалық және әлеуметтік саласына 436 миллиард теңгеден аса инвестиция салынды. Инвестиция көлемінің көбі өнеркәсіпті дамытуға салынды. Осындай инвестициялық әлеует кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіне жататын ірі кәсіпорындардың арқасында артты. Сондай-ақ инвестицияның ең көбі, 51,1 миллиард теңге электрмен жабдықтауға, 47 миллиард теңге көлік пен қоймаларға, 43,4 миллиард теңге жылжымайтын мүлік операцияларына, 27 миллиард теңге сумен жабдықтауға, 18,4 миллиард теңге ауылшаруашылығына, 17,5 миллиард теңге білім беруге, 8,2 миллиард теңге денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге, 6,6 миллиард теңге көтерме және бөлшек саудаға салынды.
Әлібек Мақажанов
Облыстық статистика
департаментінің басшысы