Қоғам

Кредитке білім алуға болады

Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақжол Құрмансейіт Шығыстағы студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Әлеуметтік студенттік кредит», «Мемлекеттік білім кредиті» жобалары талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты – «Мемлекеттік білім кредиті» жайлы жастармен пікір алмасу, олардың ойын білу.

Как получить займ быстро? тогда moneyfast.kz для Вас

Айта кетейік, бағдарлама аясында студенттер ақшалай сыйақы алып, қоғамдық жұмыс арқылы академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады. Мәселен, 20 сағатқа 20 000 теңге берілсе, 50 сағат жұмысқа 50 000 теңге қаржылай көмек беріледі. Жалпы,  әр студент жылына 70 сағат жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Студенттер ерікті ретінде балалар үйінде, қарттар үйінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

– Мемлекеттік бағдарлама жастар үшін өте тиімді. Бұл жоба арқылы жастарға қолдау көрсетіп, кредиттік нышанда білім алуына жағдай жасалады. Тек  бакалаврды оқып жатқан студенттер ғана емес, магистратура, докторантурада   да кредиттік нысанда білімін жалғастыруға болады. Бірақ оқу бітіргеннен кейін алты  ай көлемінде белгіленген қаражатты  қайтару керек. Бағдарлама туралы толық ақпаратты біздің сайттарымыздан немесе qazvolunteer.kz ақпараттық порталынан біле аласыздар, – дейді Ақжол Құрмансейіт.

Балауса Қожаева

Осы айдарда

Back to top button