Сарбаз

Қос сарбазды еске алды

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерді еске алды. «Мәңгілік сапта» атты бір күндік еске алу шарасы қолбасшылықтың барлық әскери бөлімінде өтті.

Қаңтардың 5-і күні Ұлттық ұланның әскерилері былтырғы Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады.

Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық ұланның қос сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жауынгерлік міндетін орындау барысында қаза тапқан болатын. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының жеке құрамы алдында сөз сөйлеген ҰҰ Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов әскерилердің өз міндетін орындауға қашанда даяр болу керектігін айтты.

– Былтыр дәл осы күні халқымыздың басына түскен қиын-қыстау кезеңде Ұлттық ұланның қызметкерлері өздерінің табандылығы мен қайсарлығының арқасында мызғымас беріктігін көрсете білді. Біз, әр әскери қызметші, өзіміздің жауынгерлік міндетімізді орындауға қашанда дайын болуымыз керек! Ол үшін әрбіріміз батыл әрі табанды әрекет етіп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында ештеңеден тайсалмауымыз керек, – деді Қайрат Үмбетов.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button