ТОП

Қос азаматтығы үшін жазаланды

Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

Ағымдағы жылдың қараша айында көші-қон қызметінің мамандары Риддер қаласының 21 жастағы тұрғыны 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда ол туралы мәлімдемегенін және сәйкесінше ҚР азаматтығын жоғалтуды уақтылы ресімдегенін анықтады.

Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.
Алайда, Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола отырып, Қазақстанға кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Азаматтар Қазақстанның әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін азаматтықтың ауысу фактісі туралы хабарлауға асықпайды.

– Жыл басынан бері облыстық полиция департаменті 50-ден астам “қосазаматтық” фактісін анықтады. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы риддерлік азамат 200 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіттен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылу рәсімделді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматы болып табылмайтынын ескертеді.

Осы айдарда

Back to top button