COVID-19 

Коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасы және Үкіметтің 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 500 мың адамға вакцина егуге мүмкіндік беретін COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алуды қаржыландырды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапсілтеме жасап хабарлайды.

Вакцинаның жеткізілуі қордың ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» АҚ арасындағы келісім аясында қамтамасыз етіледі.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басымдық мәнге ие. Қор өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің вакциналануын максималды түрде қамтуды көздеп отыр.

Осы айдарда

Back to top button