Қоғам
Коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды.
12 мамырдағы мәлімет бойынша, 40 056 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 799 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр және 122 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бір тәулікте 15 қазақстандық коронавирустан, 5 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды.
Балауса ҚОЖАЕВА