Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан 39 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 39 адам көз жұмды.

5 мамырдағы жағдай бойынша,  елімізде 44 572 адам коронавирустан ем алуды жалғастыруда. Оның ішінде 15 015 науқас стационарда, ал амбулаториялық деңгейде 29 557 науқас емделіп жатыр.

Вирус жұқтырғандар арасында:

·      784 пациент ауыр хәлде,

 

·      196 пациент аса ауыр хәлде,

 

·       117 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

 

Сонымен қатар, бір тәулікте коронавирус жұқтырған 34 адам көз жұмды. Коронавирус белгісі бар пневмония бойынша деректер:

3 мамырдағы ақпарат бойынша, 29 адам анықталып, 5 өлім жағдайы тіркелді, ал 65 адам емделіп шықты.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button