Көпбалалы отбасы жайлы үйге көшеді

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров жұмыс сапарымен Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Кеңтарлау ауылында болып, көпбалалы ана Алтынай Жанбосыноваға пәтер кілтін табыстады.
Жанұя ескі әрі жағдайы еш сын көтермейтін баспананы паналап келген. Осыған байланысты аудандық «Береке» қоры арқылы оларға тұрғын үй сатып әперілді. Үлкен отбасы жақын күндері кең әрі жарық үйге қоныстанады.
Осы сапарында аудан басшысы Әди ауылында болып, жергілікті мектеп пен медициналық пункттің және клуб ғимаратының жағдайын көрді. Екі ауылдағы блок-модульді станциялардың жай-күйін де назарға алды. Тұрғындармен кездесіп, ауылдың келешегі турасында пікір алмасты.
Сапар соңында аудан басшысы ауыл әкіміне көңіл бөлетін тұстар бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жарма ауданы әкімінің баспасөз қызметі