Руханият

Конкурстан өткен 62 киножоба

Қазақ киноөндірісі нарықтық бәсекеде алға озып кетпесе де, көш соңында қалып қойған жоқ. Өнер арнасында өз деңгейінде жұмыс атқаруда. Бұл өнер саласына мемлекет тарапынан да қолдау жасалып келеді. Биыл әлеуметтік маңызы бар 62 киножоба іріктеуден өтіп, мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.

Тарихымызды таспалап, мәйекті мәдениетімізді арқау етіп, салт-дәстүрімізді дәріптеуге негіз болып келе жатқан кино туындылар баршылық. Енді осы қатарды биылғы мемлекет қаржысына түсірілетін 62 туынды толықтырмақ. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын фильмдердің тізімі бекітілген. Тізім «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ жанындағы сараптама кеңесінің мақұлданған қорытындысы мен ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссия ұсынымының негізі арқылы бекітілген. Барлығы 204 жоба ұсынылып, соның ішінде 62 туынды үздіктер қатарынан табылған. Соның 18-і толықметражды көркем фильм болса, 19-ы деректі туынды. Іріктеуден қысқаметражды 17 туынды өткен. Қалған сегізі анимациялық фильмдер қатарынан.

Интернетте шыққан жаңа фильмдерді https://films2022.net/kazakh-films/ тегін көріңіз

Алғашқы болып тізімге ілініп, әлеуметтік маңызға ие болған «Авель», «Операция», «Набат», «Олиара» көркем фильмдерін «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірмек. Бұл қатарда «Лучник» («Nomad Stunts» ЖШС), «Бүркіт» («Terra Motors Astana» ЖШС) картиналары да бар. Ал «Қонақтар», «Мүйізтұмсық», «Шу-Ла-Ма» киножобалары «Golden Man Media» ЖШС-іне тиесілі. Дәл осы қатардағы «Солдаттың махаббаты» атты туындыны «Medeor» ЖШС ұсыныпты. Жалпы алғанда «Жұпар жүрек», «Айқай», «Талақ», «Метро», «Қара қыз», «Жел тоқтаған жер» киножобалары сәтті шықса, алдағы уақытта өз көрермендерін таппақ. Сондайа-ақ «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ түсіруге иелік еткен «Спутник», «Иноходец», «Ледник», «Жел пайда болған жер», «Той», «Менімен сөйлес, Мәншүк…» қатарлы деректі фильмдерді де мемлекет қаржыландырылып, көрерменге ұсынбақ.

Балалар жылына орай «Жошы», «Бұйрабас», «Тайқазан хикаясы», «Ашина. Легенда о небесных волках», «Оркеш», «Алмалы», «Дерево Аменага» қатарлы әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдер жас көрермендерге жол тартпақ.

Бұл қатарда тырнақалды туындыларын ұсынып отырған режиссерлер де баршылық. Олардың: «Мереке», «Возмездие», «Сауға», «Әке», «Клубничная принцесса», «Сабыр», «Қыр басындағы екеу», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды», «Понча», «Преступник», «Пуговицы», «Сары-өмір», «Дала қорғаушысы», «Сократы», «Кешігіп соққан жел», «Үміт сәулесі», «Защищённое место», «Повилика», «Все на мослы» «Құрт» қатарлы фильмдері өз көрермендерін таппақ. Кең ауқымды аудиторияға ұсынылатын көркем фильмдер ішінен «Алматы, я люблю тебя!» картинасы іріктеуден іркілмей өткен.

Осылайша, алдағы уақытта қазақ киносының қоржыны бірқатар туындымен толықпақ.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button