Қоғам

Комиссияға өтінішпен келгендер көп

Комиссияға өтінішпен келгендер көп

Бүгінде облысымызда мүлікті жария ету жұмыстары кең көлемде жүріп жатыр, «Мүлікті жария ету дегеніміз – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және еліміздің заңнамасына сәйкес ресімделмеген, не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет», – дейді Семей қаласындағы мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова.
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді, осыған байланысты елімізде ақшаны және мүлікті жария ету науқаны басталды. Жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды, ал құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.
-Семей қаласы бойынша 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін мүлікті жария етуге 291 өтініш қабылданды,-деді мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова. – оның ішінде жалпы құны 741,7 млн. теңге болатын 233 өтініш қанағаттандырылды. Мүлікті жария ету науқаны Қазақстан азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға, олардың жылжымайтын мүліктерін заңдастыру үшін жарияланды. Сондықтан көлеңкелі эконо¬ми¬каны мейлінше азайту мақ¬са¬тында біздер бірлесе отырып, осы басталған үдерісті аяқтап шығуға тиіспіз. Ол біздің азаматтары¬мыздың адал болып, алаңсыз ұйықтап, салықтарды уақтылы төлеп, жауапкершілікке тартыла¬мын деп алаңдамай өмір сүрулері үшін қажет.
Комиссияға әртүрлі сұрақтары бар адамдар келеді екен. Мәселен, Ресейдегі ақшаларымды жарияласам бола ма деп сұрағандар да жетерлік. «Бірақ бұл мәселе біздің құзырымызда емес, – дейді Әсем Балапанова, – бізде тек мүлікті жариялау ғана қарастырылған».
Және тағы бір мынандай сауал қойылды: мемле¬кеттің рұқсатымен алынған жер учаскесіне үй салынған. Алайда, бұл үйдің құжаттары жоқ. Осы үй мен жерді тіркеуге тапсыруға бола ма? осы ретте мүлікті жария ету акциясының жеңілдіктерін пайда¬ла¬ну мүмкіндігі бар ма? Әсем Балапанованың айтуынша, егер мемлекет жер учаскесін берсе, онда салынған құжатсыз үйді де жария етуге болады. Мемлекет бұл акцияны осындай жағдайлар үшін ұйымдас¬ты¬рып отыр ғой. Ол үшін үй салған азамат жергілікті әкімдік қасынан мүлікті жария етуге қатысты құрылған комиссияға өтініш пен өзінің жеке басын куәландыратын құжатты тапсырып, өтініште өзінің жоғарыдағы үйге қатысты мақса¬тын айқын жазуы қажет.
Семей қаласындағы мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова мысалға келтіргендей, бастапқы кезде үй-жайларын жариялағандар көп болған. Кейінірек жекеменшік кафе, монша сияқты бизнес нысандарын жариялауға да халық құлшыныс білдіре бастапты. Семейде мүлікті жариялауға деген ықылас ерекше боп тұр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button