Қоғам

Көмір сату мерзімі ұзартылды

Облыс орталығында әлеуметтік көмір қыркүйек айының соңына дейін сатылатын болды. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.

Белгілі болғандай, «Қаражыра» АҚ мен қала әкімдігі арасында жасалған меморандумға сәйкес, облыс орталығына 35 мың тонна әлеуметтік көмір әкелінуі тиіс екен. Бүгінге дейін соның 70 пайызы жеткізілген.

– Сұраныс әлі де бар. Сондықтан әлеуметтік көмірді сатуды 30 қыркүйекке дейін ұзарттық. Қажет болса, мерзімді тағы да созуға дайынбыз, – деді қала әкімінің орынбасары Денис Федченко.

Оның сөзіне сенсек, қазір қалада көмір қоры жеткілікті, отын сататын нүктелерде ұзын-сонар кезек жоқ.

– Кей жағдайда қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік бағамен сатылатын көмірдің сапасына қатысты сын айтылып жатады. Бұл – дұрыс емес. Көмірдің өзі әлеуметтік және әлеуметтік емес болып бөлінбейді ғой. Бәрі бір жерден алынады, – деді Денис Федченко.

Қала әкімінің орынбасары мәлім еткендей, қатты отын бағасында өзгеріс жоқ, бір тонна коммерциялық көмір – 11 800 теңгеден, ал әлеуметтік көмір – 11 300 теңгеден саудалануда.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button