Қоғам
Көлік салығын кешіктірсе не болады
Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарына 1 сәуірге дейін 2022 жылдың көлік салығын төлеу керектігін ескертті.
Көлік құралдары салығының сомасын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы дербес калькулятор арқылы есептеуге болады. Бүгінде көлік иелеріне салық сомасы жіберілген. Егер, оны төлемеген жағдайда көлік иесіне әр кешіктірілген күнге айыппұл салынады.
Сонымен қатар 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, оған бес жұмыс күні мерзімімен салық бұйрығы жіберіледі. Қарыз өтелмеген жағдайда іс сотқа кетеді.
Жамал Ермен