ЖаңалықтарТОП

Көлік министрлігі қайта құрылады

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Көлік министрлігін қайта құру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Президенттің айтуынша, көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет.

– Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button