Қоғам

Қоғамға бейімдеу

Айна Ескенқызы

Таяуда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және осындай азаматтарға көмек, оның ішінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған пробация, ювеналды полиция, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметтерінің өкілдері жиналды.

Диалог барысында қызметтері осы нысаналы топ өкілдеріне көмек көрсетуге бағытталған барлық қызметтердің өзара іс-қимыл жүйесінің проблемалары талқыланды. Сонымен қатар жазасын өтеген және қайта әлеуметтендіруге жататын осы тұлғалардың МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер алу мәселелері көтерілді.

Сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларындағы адамдар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес МӘМС жарналарын мемлекет  төлейтін санатқа кіретінін атап өту қажет. Олар төлемнен толық босатылған. Сол себепті оларға ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер тегін, қолжетімді.

Осы тұлғалар еркіндікке шыққан кезде МӘМС пакетіндегі қызметтер тек сақтандырылғандарға ғана қолжетімді болатынын есте сақтаулары қажет. Облыстық ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын айтып, оның ішінде аталған тұлғалар медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы бола алатынын және ол үшін не істеу керектігін түсіндіріп берді.

Алайда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Антарес-А» қоғамдық бірлестігінің өкілдері олардың қамқорлығындағы адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтер алу кезінде қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтып, шағымданды.

ӘМСҚ басшысы өз кезегінде проблемалық мәселе туындаған кезде, егер ол медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты болса, оны пациенттерге қолдау көрсету қызметінің (олар әрбір медұйымда жұмыс істейді) көмегімен «осы жерде  және дәл қазір» қағидатымен шешуге болатынын түсіндірді. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына 8 (7232) 701-131 телефондары арқылы жүгінуге болады. Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынышты екенін білген дұрыс. Сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы немесе ӘМСҚ-ның  1406 колл-орталығына жүгінуге болады.

Осы айдарда

Back to top button