Қоғам

Қоғамдық көлікпен аралады

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Абай облысының жұртшылығымен кездесті. Алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Халықтың жағдайымен жақынырақ танысу үшін қоғамдық көлікпен қаланы аралады.

– Қоғамдық көлікті жастар да, қариялар да пайдаланады. Зейнеткерлермен әңгімелесіп, әйелдердің зейнет жасын қысқартуға, қарияларға жеңілдіктерді көбейтуге қатысты ұсыныстарын талқыладық, – деді Қарақат Әбден.

Үміткер өзінің Семей өңіріндегі сайлауалды штабы өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері үгіт-насихат белсенді жүріп жатқанын айтты.

Кандидаттың Семейдегі кездесуі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді.

– Мені президенттікке кандидат ретінде «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ұсынған болатын. Әлеуметтік қызметкерлердің қиын жұмысына мемлекет көп көңіл бөлуі керек. Салада еңбек ететіндердің 90%-ы – әйел, – деді ол.

Бұған дейін Қарақат Әбден Алматы облысы, Талғар қаласында тұрғындармен, кәсіпкерлермен жүздескен еді.

 

Осы айдарда

Back to top button