ЖаңалықтарТОП

Көрпе құрау техникасын үйретті

Отбасылық бақыттың кілті неде? Отбасылық құндылық дегенді қалай түсінесіз? Өскемендегі Достық үйі–  Қоғамдық келісім орталығында жас қыз-келіншектерге арналған шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара барысында  отбасылық өмірде тәжірибесі бар, үлкен де тату отбасының ұйытқысы болып отырған әйел-аналар өздерінің құпияларымен бөлісті. Олар жас қыз-келіншектерге қонақты күту, дастархан  жасау, ыдыс-аяқтарды дұрыс ұстау туралы кеңестерін ортаға салды. Тіпті келіндерге орамалды қалай тағып, әртүрлі киімдермен әдемі етіп қалай үйлестіруге болатыны туралы да айтты. Сонымен қатар қолы алтын шеберлер жас қыз-келіншектерге құрақ көрпені құрау техникасын үйретті. Жалпы, құрақ көрпе    үй интерьеріне керемет жайлылық сыйлап қана қоймай, үйдің ішін ұлттық нақыштағы эксклюзивті бұйымдармен байыта түседі.

  • Отбасылық өмірде менің үлкен тәжірибем бар. Бүгін қыз-келіншектерге кеңес беріп, оларға жаңа нәрсе үйреткеніме қуаныштымын. Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс, дейді «Ақ ниет» вокалдық ансамблінің жетекшісі Гүлшат Смағұлова.

Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Айзада Бибулова кез келген өркениетті қоғам үшін мұндай шаралардың өте қажет екенін, мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығына жол ашатынын айтады.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button