Қоғам

Көптің көңілінен шыққан концерт

Бесқарағай ауданында Семей қалалық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Абай жолы» атты концерті өтті.

Айтулы іс-шара Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы құрметіне және мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды. Осы ретте, көптің көңілінен шыққан концерт аудандық мәдениет үйінде өткенін айту керек.

Концерт барысында бірқатар республикалық және халықаралық байқауға қатысып, түрлі жүлделердің лауреаты атанып жүрген «Бибігүл» халық оркестрінің сүйемелдеуімен қазақтың тамаша күйлері орындалып, филармония солистерінің әсем әндері шырқалды.

– Бүгінгі мәдени іс-шара аудан жұртшылығына ерекше көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз. Барша аудан жұртшылығы атынан Айбек Серікбосынұлы басқарып отырған ұжымға зор алғысымды білдіре отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді концерт соңынан сөз алған аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button