ТОПШаһар шаруашылығы

Көпір аязға шытынап кетті – Өскемен

Теміржолдың үстінен салынған «Защита» көпіріне көлденең жарық түсті. Бір шетінен екінші шетіне дейін жігі ажырап кеткен. Өскемен тұрғыны мұны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Қалалық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары оқиға орынына барды. Арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайы анықталды.

– Комиссия құрамында тәуелсіз бақылаушылар болды. Көпірге тексеру жүргіздік. Анықталғандай, аяз салдарынан тіреу деформацияға ұшырап, жігі ажырап кеткен. Көпір зақымданса да, құлап қалады деген қауіп жоқ. Ауа-райы жылынған соң жөндеуге кірісеміз. Қазіргі уақытта көліктерге жүруге рұқсат, – деп хабарлады аталмыш бөлім басшылығы.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button