Қоғам

Көпбалалы ана жарқын болашақ үшін дауыс берді

Өскемендегі драма театрында орналасқан №88 сайлау учаскесіне қаланың құрметті азаматы, көпбалалы ана, педагог Гүлнұр Құрманғалиева келіп, өз дауысын берді.

– Өз дауысымды беруге келдім. Осындай еліміз үшін шешуші сәтте ешбір азамат қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жіті көңіл бөлінуде. Біз «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алдық. Басқа да қолдаулар бар, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Кішкене балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен келіп тұрмын, – деді төрт баланың анасы Гүлнұр Төлеуғазықызы.

Атап өтерлігі сайлау учаскесі орналасқан облыстық драма театр ұжымы отбасыға қойылымдарға тегін билеттер ұсынды. Учаске басшылығы тарапынан да кәдесыйлар таратылды.

 

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button