Қоғам

Көмір кезегін болдырмау міндеттелді

Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау нысандары көмірмен жүз пайызға,  өзге әлеуметтік нысандар 75 пайызға, ал шағын қазандықтар 58 пайызға қамтылып отыр.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жылыту маусымына дайындық жөніндегі кеңесте мәлім болды.

Басты назарда – Риддер, онда барлық жылу құбырлары тексеріліп шықты. Облыс қазынасынан желілерді жөндеуге қаржы бөлінді, жұмыстар қысқа дейін атқарылмақ.

Жалпы, 15 қыркүйекке дейін өңірдегі барлық тұрғын үйлердің дайындық паспорттары әзір болуы тиіс.

– Халықты көмірмен қамтуға келсек, қала-аудан әкімдері ең алдымен дүрлікпеге жол бермеуі керек. Сондықтан шілдеде Глубокое, Ұлан сияқты жақын аудандар қатты отынның қажет мөлшерін өздеріне тасып алуы тиіс, тұрғындар қалаға бармай-ақ, сатып ала алатындай болсын. Бұл Өскемендегі теміржол тұйықтарында кезекті болдырмауға көмектеседі, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ  барлық қолжетімді тәсілдер арқылы жұртшылықпен түсіндіру жұмысын жүргізу міндеттелді.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button