
Жарма ауданында өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушылары мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, Жарма өңірінде өткізіліп жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында аудан аумағындағы 38 мектеп қамтылған. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына және қорғаншылықтағы балаларға қолдау көрсетуді мақсат еткен акция барысында жергілікті жерден шыққан меценаттар, кәсіпкерлер, ел ертеңін ойлайтын жанашыр азаматтар көмек қолын созып, игілікті іс-шараның толыққанды өтуіне мүмкіндік жасады.
Акция аясында жалпы білім беру қорынан аудан аумағындағы 38 орта білім ордасындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың 897 оқушысы мектеп формасымен, 390 оқушысы кеңсе тауарларымен қамтылды. Сондай-ақ демеушілер тарапынан 226 оқушы кеңсе тауарларымен, 9 оқушы мектеп формасымен, 97 оқушы аяқ киіммен, 61 оқушы спорттық киімдермен қамтамасыз етілді.