Қоғам

Көлік мұз астына түсіп кетті. Балықшылар аман ба?

Бұқтырма су қоймасында мұз жарылып, көлік мұз астына түсіп кетті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 14 ақпанда Көкпекті ауданы, Бұқтырма су қоймасының жағасында  автокөлік  мұз астына түсіп кеткен. Абырой болғанда көліктің ішіндегі төрт балықшы шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі қыс мезгілінде балыққа барған жағдайда мұздың қалыңдығына аса мұқият болуды сұрайды.

–          Себебі мұздың қалыңдығы әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы қамыстың маңайында мұз тым жұқа болып келеді, – дейді ШҚО ТЖД.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button