Автокөлігіңіздің мемлекеттік нөмірін жоғалтып алсаңыз, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (АвтоЦОН) өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен көліктің техпаспортын ала барып, өтініш жазасыз.
Жоғалған нөмірді қалпына келтіру қызметінің бағасы – 1,4 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал екі данасы үшін 2,8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейсіз.
– Егер сіздің жоғалған нөміріңіз ескі үлгіде болса, оның орнына бірден жаңа үлгідегі нөмір беріледі. Ескісі есептен шығарылып, техпаспорт ауыстырылады. Бұл жағдайда техпаспорт үшін қосымша 1,25 АЕК төлеу қажет болады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.
Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 5 жұмыс күні, ал басқа облыстар мен Шымкент қаласында 15 жұмыс күні ішінде алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер қосымша ақыға «әдемі» нөмірлерге тапсырыс беріп, үйге жеткізу қызметін пайдалана алады.