Қоғам

Көл жағасын қоқыстан тазартты

Азамат Темірбеков

Катонқарағайлық жастар Бұқтырма су қоймасының жағасын қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акция өткізді.

Жаз шығып, жасыл құрақ жайқалған кезде көпшіліктің көл жағасында демалатыны белгілі. Міне, осы кезде көк айдынның жағасын таза ұстау басты мәселеге айналады. Бұл – әсіресе Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан елді мекендердегі өзекті проблеманың бірі.

Осыны ескерген катонқарағайлық жастардың «Жасыл ел» еңбек отряды аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесе отырып арнайы экологиялық акция ұйымдастырды. Су қоймасының Приморск ауылы маңындағы жағажайында ұйымдастырылған «Таза жағалау» акциясына жасылелдіктердің 24 сарбазы, бес волонтер мен төтенше жағдайлар бөлімінің үш қызметкері қатысты. Сөйтіп, экологиялық іс-шараға қатысушылар жағажайды түрлі қоқыстан тазартып, қалпына келтірді.

Айта кетсек, бүгінде көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының біріне айналған бұл жағажайға ары-бері өткен туристерден бөлек, жақын маңдағы ауыл-аймақтардың тұрғындары да келіп суға шомылуды әдетке айналдырған.

Осы айдарда

Back to top button