Қоғам

Көктемнің алғашқы айында 500-ге жуық адам ауруханаға түсті

Көктемнің алғашқы күні. Наурыз бастала салысымен Шығыс жұртшылығының көңіл күйі су сепкендей басылды. Өйткені көктем жылы шырай танытпады. Ақ түтек боран, толассыз жауған қар. Қысқасы, бірде үскірік аяз, ал енді бірде күн шуағын шашты. Осының салдарынан қар еріп, Өскемен күндіз Венеция, кешке «Медеу» мұз айдынында айналды.

Көктайғақта тайып құлап, ауруханадан бірақ шыққандар қаншама. Мәселен, наурыз айы басталғалы Өскеменде 489 адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жарақат алғандардың дені алпыстан асқан егде жастағы адамдар. Мұны айтамыз-ау, кейінгі екі айда 2374 адам мұздан «таяқ жеп», емханаға түскен.

– Емханаға түскендердің көбі қариялар. Бұл кісілер дүкенге немесе коммуналдық төлемдер төлеуге шығады да көктайғақта құлап, жарақат алады. Ал балалар көбіне сырғанақ тепкенде жарақат алып жатады. Өткен айда Ана мен бала орталығына 36 бала түскен. Ал наурызда олардың саны айтарлықтай көп болған жоқ, – дейді Шығыс Қазақстан мамандандырылған медицина орталығы басшысының орынбасары Елена Куликова.

Балауса Мэлс

Осы айдарда

Back to top button