Қоғам

Кодекске енгізілген өзгерістерді түсіндірді

Дәурен Аллабергенұлы

«Шығыс ­­­ адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері Думан Кенжеғазин мен Эльмира Дәулетқызы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстық экология департаментінің ұжымымен кездесті.

Э.Дәулетқызы қарамағындағылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі бойынша заңнамалық түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушыларға мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігін ескертті. Сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатты жұмсау жауапкершілігіне, үнемдеу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатаң сақтауға тоқталды.

Ал Д.Кенжеғазин әкімшілік нормалар мен «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсат-міндеттерін түсіндірді. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button