Экономика

Кобальт-никель зауыты салынады

Кобальт-никель зауыты салынады

ҮИИД бағдарламасын іске асыру аясында Бесқарағай ауданында кобальт-никель өнімін өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Sat-Nikel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған инвестициялық жобаның құны – 33 млрд. теңге.
– Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде аудан орталығынан шамамен 40 шақырымдай жердегі Бөдене ауылының жанынан ағып өтетін Ертіс өзенің жағалауынан кобальттың мол қоры табылды. Қазіргі күні ірі инвесторлармен қазба және өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселелері шешіліп жатыр. Бұл ретте біздің оларға қоятын талабымыз – ауданда тіркелу. Яғни, тиісті салықтар мен өзге де төлемдерді жергілікті бюджетке төлеуі керек. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жағын да қарастырып жатырмыз, – дейді Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Аудан басшысының айтуынша, 2018 жылы іске қосылатын жаңа кәсіпорында 600-ден астам адам еңбек ететін болады. Ал зауыттың жұмыс қуаттылығы 2040 жылға дейін жылына 268 мың тонна никель өндіруге әлеуетті.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button