Экономика

Көмір өндіруді 10 млн. тоннаға жеткізбек

Көмір өндіруді 10 млн. тоннаға жеткізбекСемей қалалық әкімдігінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Онда «Каражыра Ltd» ЖШС директоры Марғұлан Мақышев кейінгі екі жылда көмір өндірудің жылдық көлемі 6 млн. тоннаға дейін жеткенін, кен ошағында жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталғанын тілге тиек етті.

– Енді біздің алдымызда жаңа меже тұр: өндіру көлемін 8-10 млн. тоннаға дейін жеткізу. Алдын ала болжамға сүйенсек, таяудағы үш жылда біз көмір өндіру көлемін 10 млн. тоннаға жеткіземіз, – деді ол.

Кәсіпорын басшысының мәліметінше, «Қаражыра» ЖШС-де 1200 адам еңбек етеді. Биыл мекеме жұмысшыларының жалақысын 15%-ға өсірген.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button