Қоғам

Көмір бағасы көтерілмейді

Көмір бағасы көтерілмейді


Кеше облыс әкімдігі, «Қаражыра» АҚ мен өңірдегі көмір қоймалары иелерінің арасында жылыту маусымы аяқталғанға дейін көмір бағасын көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, бүгінде өңір халқының 88 пайызы қара отынмен қамтамасыз етілген. Еліміздің үш өңірінде бұл көрсеткіш 60 пайызды ғана құрайды.

– Облысты көмірмен қамтамасыз етіп отырған негізгі кәсіпорын «Қаражыра» АҚ. Кәсіпорынның көмірі Өскемен қаласында «ВЭУС» ЖШС, Семей қаласында «Жігер» ЖШС теміржол тұйықтарына жеткізіледі. Бүгін қол қойылған меморандум бойынша, аталмыш кәсіпорындар жылыту маусымы аяқталғанша көмірдің бағасын көтермеуге міндеттелді,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде облыс әкімдігі қоймаларда сатылатын көмір бағасының көтерілмеуін, ауыл тұрғындарына да осы бағамен жеткізілуін қадағалайды. Сондай-ақ көмір жеткізушілердің де бағаны негізсіз көтеруіне тосқауыл қоймақ.

«Қаражыра» АҚ бас директоры Марғұлан Макишевтің айтуынша, облысқа жоспарлы 851 мың тонна көмірдің орнына биыл 955 мың тонна жеткізілген. Демек, 104 мың тоннаға артық.

– Көмір соның өзінде жетпей жатыр. Оның себебі, «Қазақстан теміржолы» АҚ көмірге жеткіліксіз вагон бөлген. Сұралған 412 вагонның орнына 330 вагон ғана берілген. Ал кен орнында көмір жоқ емес, бар. Өндірілген көмірдің тек 10 пайызы экспортқа шығарылады. «Қазақстан теміржолы» АҚ осы аптада ғана вагон санын 420-ға жеткізді,-дейді кәсіпорын басшысы.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысы жыл сайын өңірде көмір өндіру көлемі артып келе жатқандығын атап өтті. Кен орнында 2016 жылы 6 миллион, өткен жылы 7 миллион тонна көмір өндірілген. Биыл бұл көрсеткіш 8 миллион тоннаға жеткен.

– Көмір сапасының төмендеуіне көрсеткіштің артуы әсер етіп отыр. Алайда, біз сапасыз көмірді қайтарып алудан бас тартпаймыз,-деді М.Макишев.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Қоғам

Көмір бағасы көтерілмейді

Көмір бағасы көтерілмейді
Көмір бағасы өңір тұрғындары үшін өзекті мәселе болып тұр. Осыған байланысты облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев оның қалай реттеліп жатқаны туралы БАҚ өкілдеріне ақпарат берді.
Өткен қыста көмір тапшылығынан зардап шеккен облыс тұрғындары биыл жаз келе қамданған болатын. Тұрғындардың бұл тілегіне «Қаражыра» акционерлік қоғамы да құлақ асып, тапсырысты мамырдан бері қабылдап жатыр. Көмірді жазда да алуға болатынын естіген ел бүгінде оны босататын орындарда сағаттап кезек күтуде. Сол кезекті сейілту үшін облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы күн сайын Қаражыра кенішінен көмір таситын вагондардың санын екі есе арттыру туралы шешім қабылдаған. Кезек сейілгенмен, жұрттың көңіліндегі баға саясатына қатысты күдік сейілмей тұр. Қазір әлеуметтік желіде Өскеменнің түбінде әр тоннасы 8000 теңгеден босатылатын көмірді алыпсатарлар 17 мың теңгеге дейін көтеріп жібергені туралы ақпараттар көптеп тарап жатыр. Мұрат Мұсатаев журналистерге ондай бағаның қайдан пайда болғанын түсіндірді.
-Семей Қаражыра кенішіне жақын, сондықтан онда көмір бағасы Өскеменнен арзан. Ал Өскеменде бір тонна көмірді 8800 теңгеден сатуда. Үржар, Тарбағатай, Зайсан сияқты шалғай аудандарға көмір тасымал ақысы қосылып, әлдеқайда қымбатқа жеткізіліп жатыр. Әйтпесе, көмірдің өз бағасы нақты белгіленген. Біздің басқарма тарапынан көмір босататын орындарға күн сайын мамандар шығып, жағдайды мониторинг жасап бақылап отыр, – деді басқарма басшысы. Көмір бағасы қатаң қадағалауға алынғанымен, оны тасымалдау ақысы реттелмей жатыр. БАҚ өкілдері тарапынан Өскеменнің іргесіндегі Тарханка ауылына көмір тасымалдау үшін 25 000 теңге сұраған оқиғалар болғаны айтылды.
Көмір бағасы көтерілмейді
-Біздің басқарма көмір бағасын қадағалауға ғана құқылы. Дегенмен, табиғи монополияларды реттеу департаментіне ұсыныспен шықтық. Оларға көмірді әрбір ауданға жеткізудің шығын мөлшерін бекітуді ұсындық. Қазір осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Көмір тасымалдаушылар шағын бизнес өкіліне жататындықтан, оларға тікелей нұсқау беріп, жұмысын шектей алмаймыз. Бұл ретте тұрғындар да бірауыздылық танытып, баға саясатына тұтынушы ретінде әсер етуі тиіс, – деді басқарма басшысы.
Мұрат Мұсатаев былтырғы көмір қарбаласының дақпырты биыл да қолдан қымбатшылық жасауы мүмкін екенін ескертті.
-Биыл көмірді жаз басталғалы тасып жатырмыз. Сондықтан былтырғыдай тапшылық болмайды. Көмір жетпей қалады екен деп, көрінген бағаға келісе бермеуге кеңес беремін. «Биыл да көмір жетпей жатыр» дегенге саятын жалған ақпарат қолдан қымбатшылық жасаушыларға жол ашып берді. Ондай негізсіз байбаламға бой ұрмау қажет. Көмір барлық тұрғындарға жетеді. Ал оның бағасы Өскемендегі босату орындарында 8800 теңгеден қымбаттамайды, – деді басқарма басшысы.

Есжан Ботақара

Осы айдарда

Back to top button