Экономика

Көмір бағасы көтерілетін болды

Семейде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Қайрат Оразбаевтың қатысуымен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, қысқа дайындық мәселелеріне орай жиын өтті.

Көмір бағасы көтерілетін болдыЖиында «Қаражыра» көмір кенішіндегі көмір бағасының қымбаттауына орай, Семейде жылу төлемақысы 5-7 пайызға өсетіні мәлім болды. Қайрат Оразбаев бұл қадамға еріксіз барып отырғандарын айтты.

– Мұны халықтың қалтасы көтере алады, себебі, соңғы жылдары Семейдің әлеуметтік әл-ауқаты біршама түзелді. Бүгінде бұл қала экономикалық және әлеуметтік даму жағынан еліміздегі алдыңғы саптағы шаһарлардың тізіміне еніп отыр. Жылу бағасының қымбаттауы семейліктер үшін ауыр соқпауға тиіс, – деді ол. Департамент директоры сондай-ақ, коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы аздығын, маман тапшылығын, қызметкерлердің көбі зейнет жасында екенін сөз етті.

Кездесу соңында “Терможаңғырту” бағдарламасына тоқталып, барлық проблемалар алдағы уақытта шешілетініне сенім білдірді.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button