Көмектерін аямайды
Ауылдың жомарт азаматтары округте өткізілетін іс-шараларға үнемі демеуші болып келеді.
Аудан әкімінің есеп беру жиынында ауылды көркейту, тұрмысы төмен отбасыларына қамқорлық жасау мәселелері айтылған болатын. Ө.Андосов, С.Қа-лиев, Ә.Қабдықалымов, Ш.Қасымов, С.Бірталаев, Е.Кәріпбаев, С.Рсаев, С.Ахметжанов, С.Тәуірбаева, А.Ахмет-жанова, С.Тауашова сынды қолы ашық азаматтар көптеген игі істердің ұйтқысы болып жүр.
Олар мектеп жасына дейінгі балалар бақшасындағыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге бір бас тоқтыдан берсе, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде қолдау көрсетеді. Ауылдың санитарлық тазалығына және көгалдандыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға әрқайсысы он бес мың теңгеден, жиыны 165 мың теңге, тоғыз тоқтымен көмек беруге әкімшілікпен меморандумға отырды. Бұл жұмыс ары қарай жалғасын таба беретін болады.
Аягөз ауданы