Қоғам

«Көкпектінің» тоғыз нөмірі жарық көрікті

«Көкпектінің» тоғыз нөмірі жарық көрікті


Жақында Көкпекті ауданында іссапарда болдық. Аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің редакторы әрі құрылтайшысы Дархан Бердібек өткен жылдың шілдесінен бастап шыға бастаған «Көкпекті» қоғамдық танымдық журналдың журналистерімен таныстырды.

Ақын, запастағы майор, журналдың жауапты хатшысы Қайрат Мәліғаждар, безендіруші Ерлік Жұмағазин, корректорлар Шолпан Нұрғалымова, Шолпан Салдырғазина өздерінің іскерлігі мен біліктілігін журналдың сапалы шығуына арнауда. Түрлі-түсті, жоғары сапалы офсеттік басылыммен бір мың данамен жарық көре бастаған журналдың шығуына қамқорлық жасаған аудан әкімі Асхат Смайлов. Журналдың бірінші санында аудан әкімінің оқырмандарға арнаған ыстық ықыласы жарияланыпты.

– Журнал әзірше 1 мың данамен шығып жатыр. Оқырмандардан хаттар, ұсыныс-пікірлер түсе бастады. Бүгінге дейін журналдың тоғыз саны шықты,-дейді журналдың бас редакторы Дархан Бердібек.

Журналда өңірдің атақты адамдары, тарихи тұлға әрі би Тана Тілемісұлы, Бармақ батыр, тарихшы Әбдеш Төлеубаев, ақындар Қалихан Алтынбаев, талантты журналист Мұратхан Кенжеханұлының Байбура би туралы тартымды мақалалары жарық көрген. Осы өңірден шыққан талантты ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлының жырлары да оқырмандарын қызықтыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» айдарымен жарияланған мақалаларда ауданның ұстаздары мен дәрігерлері, қарапайым адамдары сөз алған.

Оңдасын Елубай,
Көкпекті ауданы.

Осы айдарда

Back to top button