Қоғам

Көкөністер 72 сауда орнында 55 теңгеден сатылып жатыр

Көкөністер 72 сауда орнында 55 теңгеден сатылып жатыр


2016-2017 жылдардың қыс, көктем айларында қала тұрғындарын арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласының тұрақтандыру қорына 2500 тонна көкөніс өнімдері салынған.

Тұрақтандыру қорының арзан бағадағы бес түрлі көкөніс өнімдері 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап облыс орталығындағы 72 сауда орындарында 55 теңгеден сатылуда. Оның ішінде «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның13 сауда нүктесінде көкөністердің бір келісі 50 теңгеден сатылып жатыр.

-Қазіргі күні қаладағы 25 әлеуметтік бөлімдерге «Эмиль», «Восток Молоко», «Багратион» серіктестіктерінің майлылығы 2,5 пайыздық сүттерін былтырғыдай арзан бағамен сатуға меморандум қабылданбақ, «Слямбаев» ЖК-мен тауық өнімдерін төмен бағамен сатуға келісім жасалды, нан, басқа да әлеуметтік маңыздағы азық-түліктер бағасын қымбаттатпауға орай өзге де тұлғалармен меморандумдар құжаттары әзірленіп жатыр,-дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қымбат Сәрсенбайқызы.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button