Қоғам

Көкөністің бағасы көңілден шығады

Сапасы мен бағасы халық көңілінен шыққан көкөніс Ұлан ауданында сақталады, өнім үлкен сұранысқа ие.

Көкөністің бағасы көңілден шығадыҰлан ауданы, Өскемен ауылдық округінің Макеевка ауылындағы «Екимбаев» шаруа қожалығының көкөніс қоймасында Шығыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорының ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және сату жұмыстары жүргізілуде.

Аудан кәсіпкерлері мен тұрғындарының қолайлы бағамен көкөніс сатып алуға мүмкіншіліктері бар. Бүгінгі таңда аудан округтерінің барлығы жүйелі түрде көкөніс сатып алуда. Көкөніс қоймасы барлық қажетті құралдарымен жабдықталған. Санитарлық талаптарға сай және өнімнің сақталуына технологияға сәйкес жағдай жасалынған. Өнім сапасы да көптен бері тұтынушылар көңілінен шығып келеді.

Өскемен ауылдық округі әкімінің аппараты

Осы айдарда

Back to top button