Қоғам

Киіз үйлер қалашығы бой көтереді

Киіз үйлер қалашығы бой көтереді

Жарма ауданындағы Омбы-Майқапшағай және Алматы-Өскемен автокөлік жолдарының қиылысында «Киіз үйлер қалашығы» деп аталатын қонақүй кешені салынбақ.

Мұндай ерекше жобаның авторы Едіге Ибраимов дейтін кәсіпкер. Ол өзінің идеясын Астана қаласында өткен көрмеде әдемі қазақ үйлерінен құралған қонақүй кешенінің макеті арқылы көпшілікке таныстырды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері бұл кешен тоғыз жолдың торабында орналасуына байланысты өңірге туристерді көптеп тартуға көмектесетініне сенімді. Ол үшін мұнда қызмет көрсету деңгейі мен келушілерге арналып жасалған жайлы жағдайдың бәрі өзге бәсекелестермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болмақ. Мамандардың пікірінше, болашақ қонақүйлердің басты артықшылығы да осы көрінеді.

Көшпенділердің өмірінен сыр шертетін кешенді тұрғызу уақыты әзірге белгісіз. Дегенмен бүгінде жоба авторы үлкен істі бастаудың алғашқы қам-қарекетімен айналысуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button