Қоғам

Киіз үй тігіп, қымызхана ашты

Киіз үй тігіп, қымызхана ашты

Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылдық округінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында сегіз адам «Табысты несие» қорынан әрқайсысы 3 млн. теңге көлемінде несие алып, өз кәсіптерін ашты.

Солардың бірі – Ерболат Мұқамет-қалиұлы анасымен бірге отбасылық кәсіптерін бастаған. Кәсіптерінің бір ерекшелігі – Қарағайлы ауылының маңынан киіз үй тігіп, қымызхана ашқан. Қазақы киіз үйде халыққа ұлттық дәстүрде қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, киіз үйдің маңына алтыбақан құрып, демалушыларға құрт, ірімшік, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынып отыр.

Алған несиелеріне 9 жылқы сатып алды да, үш-төртеуін сауып, қымыз піседі.

Ал бір атқа қалалықтар мініп, серуендейді. Қалған жылқыны мініс ат ретінде күнделікті жұмысқа пайдаланады. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жерде тіпті ешкі сүті де бар. Дегенмен, қымызға сұраныс басым. Бұл отбасылар алдағы жылдары кәсіптерін кеңейтіп, ұлттық үлгіде асхана, дәмхана ашпақ.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button