ТОП

Киімдегі дақты қалай кетіреміз?

Жаңадан алған киімге байқаусызда дақ түссе, көңілімізге де дақ түскендей болады. Кейде тіпті бағалы киім алсақ  «бүлдіріп аламын» деп киюге қимай, гардеробта тоздырамыз. Осыған байланысты назарларыңызға киімдегі дақты кетірудің жолдарын ұсынбақпыз.

Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.

Ақ түсті жүннен тоқылған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған ерітіндімен жуу керек. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға екі ас қасық сабынды ұнтақ салып араластырыңыз. Киімді екі сағаттай ерітіндіде ұстап, уақыт өткен соң жуу керек. Жүннен тоқылған киімді ыстық немесе салқын суда жууға болмайтынын ескеріңіз. Сондықтан суыңыз жылы болсын.

Түрлі-түсті киіміңіз түсін жоғалтса, жуар кезде 2-3 ас қасық тұз салыңыз.

Киіміңізде үтіктің ізі қалып қойса, сарғайған жерді салқын сумен сүртіп, бір стақан суға, бір шай қасық хлорлы әк қосылған ерітіндімен сүртіңіз.

Жібек, не жүннен тоқылған киімдерді майлы дақтан тазарту үшін қыша тұнбасына салып жуу керек. Ол үшін бір стақан құрғақ қышаны сумен араластырып, 2-3 сағатқа тұндырып қоямыз. Киімді жуып болған соң мүсәтір спирті қосылған сумен (10литр суға 1 шай қасық) шайыңыз.

«Адам көркі – шүберек» демекші киіміңізге ұқыпты болыңыз.

 

Бекзат Даулетбекқызы,

студент

Осы айдарда

Back to top button