Қоғам

Киімге жұққан дақтарды қалай кетіруге болады?

Киімге жұққан дақтарды қалай кетіруге болады?

Керек кеңес

Дақтарды кетіру үшін әуелі оның неден болғанын анықтап алу керек. Мәселен, түрлі-түсті мақта, зығыр, жүн, жібек маталарына тиген тамақ дақтарын бензинмен не ацетонмен кетіруге болады. Ал ақ түсті матада дақ ізі қалса, оны сутегі асқын тотығымен (бір стакан суға 1-2 шай қасық) сүртіп, соңынан сумен шаю қажет. Ақшыл түсті маталардағы дақты мүсәтір спиртімен (жарты стакан суға бір шай қасық) тазартуға болады.
Кейде зығыр мен мақта маталарынан тігілген киімдерде ыстық үтіктен дақ қалып қоятыны бар. Оны тазарту үшін жарты стакан суға 1 шай қасық сутегі асқын тотығын (перекись водорода) қосып сүрткен жөн.
Егер аяқ астынан киіміңізге шай төгілсе немесе шашыраса, дереу жылы сумен сабындап жуып жіберіңіз. Олай еткенде кетпесе, глицерин мен мүсәтір спиртінің қоспасымен жақсы тазаланады. Ал ақ матадағы кеуіп қалған шай дағын қымыздық (щавелевый) қышқылымен (1 стакан суға бір шай қасығын қосып) кетіре аласыз. Бұл жолмен тазарған матаны алдымен сабындап, сосын 1 литр суға 2 шай қасық мүсәтір спиртін қосып жуып, соңынан бірнеше қайтара шайып жіберсеңіз, матаңыз тазарып шыға келеді.

Әзірлеген – Ғафура Сәрсенбайқызы

Осы айдарда

Back to top button