ТОП

Кейбір бағыттарға жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты өңірде кейбір бағыттарға жол жабылды.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны “Облшығысжол” ЖШС-не сілтеме жасай отырып, “Алтай Альпісі” демалыс базасынан Северное ауылына дейінгі 38-60 км учаскедегі “Өскемен – Үлбі – Северное таулы жолы” көліктің барлық түрлері үшін жабық екенін хабарлайды.

Бүгінде аймақта қатты жел соғып, жел мен қатты боранның салдарынан жолда көрініс шектелді.
Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Новотроицкое ауылына кіреберіс 0-22 км жол да жабық.
Жол сақшылары азаматтарға осы бағыттарда жол жүруден бас тартуды және “112” қызметінің хабарламаларын қадағалауды ескертеді.

– Алыс жолға шыққан кезде ауа райының болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру қажет, – деген кеңестерін берді патрульдік полиция қызметкерлері.

Осы айдарда

Back to top button