Кәсіпкерлердің мүддесі қорғалды
Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ
Облыстық сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің араласуынан кейін үш шаруа қожалығының жер учаскелерін пайдалану құқығы жер комиссиясында қаралмастан 10 жылға ұзартылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер мақсатсыз пайдалану туралы мәлімет болмаса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға алу мерзімдері жер комиссиясында қаралмастан ұзартылуға тиіс. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауылшаруашылық жерлерін пайдалану мерзімін ұзартуды орынсыз созбалаңға салу деректерін анықтады.
–Департамент жергілікті басқару органдарына аталған кедергілер бойынша ұсыныстар жолдады. Нәтижесінде үш шаруа қожалығының жалпы ауданы 196,8 га болатын жер учаскелерін пайдалану құқығы жер комиссиясында қаралмастан 10 жылға ұзартылды, – деді департаментте.