Қоғам

Кеңсай ауылы көркейіп келеді

Кеңсай ауылы көркейіп келеді

Кеңсай ауылдық округінің әкімі Талғатбек Бықаев Зайсанмен іргелес жатқан елді мекенге газ құбырының тартыла бастағанын хабарлаған еді. Шынында да, ауылға кіреберісте бірнеше жігіт Беларусь маркалы тракторының көмегімен терең шұңқыр қаза бастапты.
Бұлар «Құрылысшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің басшысы Мұратбек Манапов, Өмірбек Губашев, Дәукен Тілешов, Айдар Смағұлов деген азаматтар екен. Арлы-берлі өтіп жатқан жергілікті тұрғындар қызығушылық танытып, көгілдір отынның игілігін көретін болдық деп ризашылық танытуда.
–Кеңсайда 215 їйге газ тартылады. Аманшылық болса, жыл аяғына дейін құбыр төселетін шұңқырларды әзірлеп қоймақшы. Елдің қуанышында шек жоқ. Кеңсай ауылдық округіне бес елді мекен қарайды. Саржыра, Сарши, Бақасу, Жарсу және Кеңсайда қазіргі кїнде 2370 адам тұрып жатыр. Екі орта мектеп, екі орталау білім ордасы бар. Биыл шаруалар егін науқанын уақтылы аяқтады, тїсім жаман емес. Он мыңға тарта ірі қара, 12 мыңдай қой-ешкі, 1398 жылқы бар. Ауылдағы 165 қожалықтың ішінде Оралбек Жиенбаев, Раул Мәжитов, Яков Ли, тағы басқалар жөнінде ерекше атап кеткен орынды. Оралбек жылқы, ірі қара ұстайды, ал Раул 10 гектарға қауын-қарбыз, қызанақ, сәбіз егіп, көкөністің көбін сатып, қалғанын қыста сату їшін қоймаға сақтап қойды. Ал Яков Лиді облыс тұрғындары жақсы біледі десек, артық айтқандық емес. Ол өзінің балалары мен немерелерімен бірге көкөніс егеді, өнімдерін облысқа жөнелтеді. Биыл 500 гектарға бақша дақылдарын екті,–деп ауыл әкімі атқарып жатқан істерінен хабардар етті.
Кеңсай ауылын аралағанымызда жаңадан салынып жатқан бірнеше құрылыс ғимараттарын көріп, ауыл әкімінің іскерлігіне сїйсіндік. Талғатбектің ауылды басқарғанына екі жылдан енді асса да, біршама істерді тындырып тастапты. Қасымызда жїрген Зайсан қаласының әкімі Долдан Тожыбаев Т.Бықаевтың іскер, аз сөйлеп, көп іс тындыратын азамат екенін айтқан. Шынында да, бірер кїнде іске қосылатын ададмдар мен әйелдерге арналған монша, жеміс қоймасы, ағаш тілетін цех, машина жөндеу шеберханасы ауылдың ажарын аша тїспек. Ал бұл құрылыс алаңдарын салып жатқан Сайын Ламбуков деген іскер азамат екен. Сайын –Ұлан ауданының азаматы. Бұдан бұрын да Зайсанға келіп, соя өсірген. Енді 100 нақты қадам бағдарламасының жїзеге асуына їлес қосып жатыр.
–Жеміс қоймасы ауылға қажет. Кеңсай ауылдық округінде жеміс өсірумен бірнеше қожалық айналысады. Ал оны сақтайтын орын жоқ. Демек, ауыл тұрғындарының қысы-жазы жеміс-жидекті пайдалануы ағзаға пайдалы емес пе,–дейді Сайын.

Оңдасын Елубай,

Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button